Boeing 737 жолаушылар ұшағы тағы да оқыс жағдайға ұшырады

2804
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2024/03/whatsapp-image-2024-03-16-at-21.23.42.jpeg
United Airlines компаниясының Boeing 737 жолаушылар ұшағы тағы да оқыс жағдайға ұшырады, деп хабарлайды "Адырна" тілшісі TimesNow агенттігіне сілтеп. Жолаушылар ұшағы Сан-Францискодан ұшып, Орегондағы Медфорд әуежайына аман-есен қонған. Алайда ұшақтың қаптағышы ұшып кеткен. Бортта 139 жолаушы мен алты экипаж мүшесі болған. Адам шығыны болған жоқ.
"Ұшудан кейінгі тексеріс панельдің жоқ екенін анықтаған. Тергеу жүргізіледі", – деді авиациялық реттеуші.
Америкалық БАҚ әуе компаниясының бұл ұшақты пайдалануды тоқтатқанын айтты. Boeing ұшақтарында соңғы кездері бірнеше апаттар болған.
Yorumlar
Diğer Haberler