Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың иттері туралы мәлімет шықты, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы “ҚазАқпарат” агенттігіне сілтеп.
Мәлімет бойынша, президенттің үш асыл тұқымды тазысы бар. Оның бірі – қызғылт-сары түсті Наурыз атты күшік. Бұл тазыны былтыр Мемлекет басшысына ит асыраушы Анна Захарова сыйға тартқан. Қазір Наурыз 1 жас 4 айға толды.
Қалған екеуі – 4 жасар, ақшыл-сары түсті Ронни деген арлан тазы мен 5 жасар ақшыл түсті Нэнси.
Иттер қоршалған аумақта, жылы үйшікте күтіп-бапталады. Арнайы сертификаты бар кинолог маман оларды үйретіп, саятшылыққа баулиды.
Қасым-Жомарт Тоқаев бос уақытында тазыларымен серуендегенді ұнатады.
Related news
Lavrov's hopes were not fulfilled. Tajikistan openly said that there was no way to the Eurasian Economic Union
"There was no basic fire fighting equipment." Mine rescuers told about the security system in the Karaganda mine (VIDEO)
