Қазақстан мен Әзірбайжан президенттері Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ильхам Әлиев Шуша қаласына барды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеп.
«Екі ел президенттері Қарабақ тау жотасының баурайында орналасқан қаланың бас жоспарымен танысты. Содан кейін олар аймақтың көрнекті жерлерін, оның ішінде орталық алаңды, «Саатлы» мешітін, тау қыратындағы «Джыдыр дюзю» алаңын, «Бюль-Бюль» мұражай-үйін, жалпыұлттық көшбасшы Гейдар Әлиевтің 100 жылдығына орай ұйымдастырылған фотокөрмені және тағы да басқа тарихи орындарды аралап көрді», - делінген хабарламада.
Әзірбайжан басшысы атап өткендей, Шуша ежелден Әзірбайжан мәдениетінің бесігі саналған. Қала өзінің өркендеу кезеңінде поэзияның, өнердің және сәулет өнерінің дамыған орны болды.
«Бүгінде мұнда инфрақұрылым салу және қалпына келтіру жұмыстары қарқынды жүріп жатыр. Қазірдің өзінде бірнеше қонақ үй, музей және мешіттер бой көтерген. Тұрғын үйлер, білім беру мекемелері, әлеуметтік нысандар, шіркеулер салынып, жөнделуде. Сонымен қатар түрлі сала мамандарының қатысуымен нысандарды бағалау және түгендеу жұмыстары жүргізіліп жатыр», - деп толықтырды Ақорда.
Related news
"Historical result": Kazakhstan's young tennis players placed in the top four at the World Championship
Baimenov: Kazakhstan and Khabar public TV channels should be transformed into public television corporations
He supported the war. The sale of tickets for the concert of the "Kamyzyaki" band in Almaty has been temporarily suspended