Алматыда тағы жер сілкінді

1958
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2023/10/zher-silkinisi-960x500.jpg?token=d617f0b257f4746dd28db53dc24da020

Төтенше жағдайдар министрлігі ұлттық сейсмологиялық бақылау және зерттеу ғылыми орталығының сейсмикалық стансалар желісі 2024 жылы 15 ақпанда жел сілкінісін тіркеді, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы. 

Мәлімет бойынша, 2024 жылы 15 ақпанда сағат 09:52-де Алматы уақыты бойынша жер сілкінді. 

"Жер сілкінісінің ошағы Алматыдан оңтүстік-шығысқа қарай 260 шақырым жерде Қытай аумағында орналасқан – афтершок. Жер

сілкінісінің энергетикалық класы – 11,6. MPV магнитудасы – 5,2", – делінген хабарламада.

Сонымен қатар, сейсмологтар Алматыда 2 балл болғанын атап өтті.

ҚР ТЖМ «Ұлттық сейсмологиялық бақылау және зерттеу ғылыми орталығы» ЖШС сейсмикалық стансалар желісінің мәліметтері бойынша:

Эпицентр координаттары – 41,27° солтүстік. 78,68° шығыс тереңдігі – 5 км.

Comments