Елімізде орташа айлық көлемі өсті

2528
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2023/08/izobrazhenie_2023-08-31_183127442-960x500.png?token=feb80ddbd22d4d29bd2be09886d73162
Елімізде орташа жалақы мөлшері көтерілді, деп хабарлайды "Адырна" тілшісі. Жалақының медианалық мәні 2023 жылдың қазан, қараша және желтоқсан айларындағы бағалау бойынша 259 463 теңгеге тең болған. 2023 жылы IV тоқсанда жалақы мөлшері 393 605 теңгеге жетті.
“Жалақының орташа мөлшері бір қызметкердің жалақысының қосымша ақысы, үстемеақылары, сыйақылары, салықтары және зейнетақы аударымдарының барлық түрін ескере отырып көрсетілген. Ол жалақы қорының сомасын кәсіпорындардағы қызметкерлердің нақты санына бөлу арқылы есептеледі”, – деп мәлімдеді ұлттық статистика бюросы.
Ал еліміздегі ең көп жалақы - Атырау облысында. Өңірдегі айлық - 591 588 теңге.
Comments