Алматы полициясы жер сілкінісі туралы жалған ақпарат таратушыларды іздестіруде, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.
Құқық қорғау органдары кеше түнде қоғамда негізсіз дүрбелең мен үрей тудырған жалған хабарлардың авторларын анықтап жатқанын айтты. «Жалған ақпарат таратқаны үшін қылмыстық жауапкершілік қарастырылған», - деп ескертеді полиция департаменті. Қылмыстық кодекстің 274-бабы «Бұқаралық ақпарат құралдарын, телекоммуникация желілерін және онлайн платформаларды пайдалана отырып, көрінеу жалған ақпарат тарату» бабы бойынша жаза 3 мың АЕК (11 миллион теңге) мөлшерінде айыппұл салу немесе сол мөлшерде түзеу жұмыстары, не сегіз жүз сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тарту немесе үш жылға дейін бас бостандығынан айыру болуы мүмкін. Бұған дейін тәртіп сақшылары азаматтарды тек ресми ақпаратRelated news
“Адырна” ұлттық порталы