Бүгін, 26 желтоқсан – түркі халықтары ұлт-азаттық қозғалысының көсемі, қоғам және мемлекет қайраткері, публицист, тарихшы, дипломат Тұрар Рысқұловтың туған күні.
1894 жылы, 26 желтоқсанда Жетісу облысы, Верный уезі Шығыс Талғар болысында дүниеге келген Тұрар Рысқұлов 1917 жылдың басында «Қазақ жастарының революциялық одағын» құрады. 1918 жылы Әулиеата оязы Совдепі төрағасының орынбасары қызметін атқарады. Қазан айында Кеңестердің VІ съезінде ТүркОАК құрамына кіреді. Одан кейін Түркістан Республикасының денсаулық сақтау халкомы болып тағайындалады. 1920 жылы 21 қаңтарда Рысқұлов Түркістан Орталық атқару комитетінің төрағасы болып сайланды. Атқару комитетінің төрағасы ретінде Түркістан Республиканың Конституциясына сай берілген құқықтарын пайдалана отырып орыс шаруаларының қарусыздандырылуына, казактардың көшпелі халықтардан тартып алғанRelated news
«Адырна» ұлттық порталы