Талдықорғанда тергеу изоляторында отырған журналист Думан Мұхаммедкәрімнің ісі бойынша тергеу аяқталды. Бұл жөнінде журналистің адвокаты Ғалым Нұрпейісов Азаттыққа мәлімдеді, деп хабарлайды «Адырна» ұлттық порталы.
– Тергеу амалы бітті. Тергеуші кеше (10 қараша – ред.) іспен танысуға шақырды. Айта кететін нәрсе, біз әу бастан-ақ тергеушілерге жауап беруден бас тартқанбыз, өйткені мұнда ешқандай қылмыс құрамы жоқ. Думан – журналист. Оны «экстремистік ұйымның ісіне араласу және «экстремизмді қаржыландыру» бойынша кінәлап отыр. Оны «Қазақстанның демократиялық таңдауы» қозғалысын қолдап, идеяларын таратып отыр деп айыптайды. Бірақ Думанның ҚДТ-ға ешқандай қатысы жоқ... Біз жауапты сот кезінде береміз. Себебі тергеу кезінде айтсаң да, айтпасаң да бәрібір сенбейді, – деді адвокат Ғалым Нұрпейісов.
«Адырна» ұлттық порталы
Related news
A record amount. Astana administration will spend 2.6 billion tenge on preparations for the new year
On the occasion of the International Chess Day, the BI Chess city tournament was held for the first time in Shymkent