Ресей президенті Владимир Путин Қазақстанға сапары барысында Тоқаевтың аты-жөнін айтудан бір күнде екі рет жаңылысты. Желіде Путиннің видеосы тарауда, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.
Айта кетейік, бүгін, 9 қараша Путин Астанаға ресми сапармен келді. Тоқаев Путинді таңертең Астана әуежайында күтіп алды.
Сондай-ақ, Қостанайда өткен Қазақстан мен Ресейдің XIX өңіраралық ынтымақтастық форумына Тоқаев пен Путин бейнебайланыс режимінде қатысты. Іс-шараның тақырыбы: «Ауыл шаруашылығы – қуатты экономиканың негізі».Бүгінгі ресми кездесу барысында, Қазақстанның оңтүстігінде орыс тілінде оқытатын үш мектеп салу жоспарланып жатқаны айтылды. Сондай-ақ Қазақстан мен Ресей Семей, Көкшетау және Өскемен қалаларында жылу электр станцияларын салу туралы меморандумға қол қойды.
Related news
Villagers do not participate in TV rating research. That is why the life of Kazakh programs is short.