Қостанайда «Ауыл шаруашылығы – мықты экономиканың негізі» тақырыбында Қазақстан мен Ресейдің XIX өңіраралық ынтымақтастық форумы өз жұмысын бастайды. Форумға бейнеконференцбайланыс режимінде екі мемлекет басшылары Қасым-Жомарт Тоқаев пен Владимир Путин қатысады, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы
Форумға өңіраралық алаңда бизнес, салалық мемлекеттік орган, ведомстволар, ғылыми топ өкілдері, екі ел өңірлерінің басшылары жиналады.
Форум Қазақстан-Ресей Іскерлік кеңесінің отырысынан басталып, қатысушылар шекаралас өңірлердің ауыл шаруашылығы саласындағы ынтымақтастығының өзекті мәселелерін, соның ішінде ауыл шаруашылығы техникасын жасау, АӨК-дегі көлік инфрақұрылымын дамыту мен ауыл шаруашылығы жобаларын техникалық сүйемелдеу мәселелерін талқылайды, – деп хабарлады Сауда және интеграция министрлігі.Іскерлік кеңестен басқа мынадай үш панельдік сессия өткізу жоспарланған. Олар «Қазіргі жағдайда азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету», «Агроөнеркәсіп кешеніндегі цифрлық технологиялар», «Жастар және ауыл шаруашылығы: білім берудегі жаңа үрдістер» тақырыбында болады. Форум қорытындысы бойынша өңіраралық және коммерциялық құжаттарға қол қойылады деп жоспарланып отыр.
Новости по теме
Состоится экспертная дискуссия на тему «Мирный атом для развития Казахстана: новые возможности атомной энергетики для РК»
Без знания государственного языка теперь невозможно будет получить гражданство Республики Казахстан.