Үкімет «Қазақстан авиациялық қауіпсіздік қызметін» құруды ұсынды. Бұл туралы «Ашық НҚА» порталында жарияланған заң жобасының салыстырма кестесінде. жарияланды, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.
Мұндай шешім “Қаңтар оқиғасы кезіндегі әуежайдың нашар күзетілуіне” байланысты қабылданған.
Қаңтар оқиғасы әуежайлардың деструктивті азаматтардың әрекетінен стратегиялық нысан ретінде осалдығын көрсетті. Қазақстанның авияциялық қауіпсіздік қызметі әуежайдың бірыңғай басшылыққа бағынуын, қауіпсіздік қызметінің материалдық тәуелділігін алдын ала анықтайды, - делінген құжатта.Яғни, әуежайдың қауіпсіздігіне қатысты жауапкершіліктің негізгі бөлігі осы ведомствоға беріледі. Бұл шешім халықаралық тәжірибеге негізделген. Мәселен, кейбір Еуропа елдерінде авиациялық қауіпсіздік қызметтері аутсорсиң арқылы немесе қадағалау функциялары бар мемлекеттік кәсіпорындардың бақылауымен әуежай операторларынан бөлек жұмыс істейді.
Related news
The idea of mold at the neighbor's expense. Those who sold Russian wheat on behalf of Kazakhstan were arrested
KANAT AITBAYEV: In many “films,” there is no meaning, substance, moral lessons, or literary language at all