Шымкентте болған жантүршігерлік жол апатына байланысты сот шешімі шықты. 5 адамның өліміне алып келген автобус жүргізушісі 5 жылға сотталды, деп хабарлайды «Адырна» ұлттық порталы.
«Юлдашев орын алған іске қатысты кінәсі дәлелденіп келесі үкім шығарылды. Күдікті 5 жылға бас бостандығынан айрылсын»,- деп үкім шығарды судья Жанат Мүсірәлі.Оған қоса, сот шешіміне сәйкес, Юлдашев 7 жылға көлік тізгіндеу құқығынан айрылды. Күдіктіге 345-баптың 4-бөлігі «Абайсызда екі немесе одан да көп адамның өліміне әкеп соққан жол жүру ережесін бұзу» бойынша айып тағылған еді. Айта кетейік, 8 сәуір күні С.Бәйтереков пен Қ.Назарбеков көшесі қиылысында тізгіншісіз автобус 6 адамды қағып кеткен болатын. Салдарынан 3 адам оқиға орнында қаза тапты. Ал 2 тұрғын ауруханада көз жұмған. Апаттан тірі қалған 18 жасар Дариға Сейдалиева қазір 3 топ мүгедегі. Ол әлі күнге ем қабылдап жатыр.
«Адырна» ұлттық порталы
Related news
Kazakhstani students will compete for the title of the best robotics in international competitions in the United States
