Қасым-Жомарт Тоқаев Пәкістан президенті Ариф Алви атына жедел хат жолдады. Елдің солтүстік-батысында болған лаңкестік шабуыл салдарынан көптеген азаматтың қаза табуына байланысты басу айтып, зардап шеккендердің сауығып кетуіне тілектестік білдірді, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.
Ресми ақпарды Ақорда таратты. Жедел хатта:
"Мемлекет басшысы Қазақстан халқының және жеке өз атынан жақындарынан айырылған отбасыларға қайғыра көңіл айтты, сондай-ақ зардап шеккендердің тезірек сауығып кетуіне тілектестік білдірді", - деп жазылған.Еске сала кетейік, Пәкістанда Джамиат Улема Ислам-Фазл (JUI-F) ислам партиясының жалпыұлттық парламент сайлауы қарсаңында өткізген съезі кезінде жарылыс болды. Салдарынан 44 адам қаза тапты.
"Адырна" ұлттық порталы
Related news
He supported the war. The sale of tickets for the concert of the "Kamyzyaki" band in Almaty has been temporarily suspended
