Шығыс Қазақстан облысындағы қорықтағы өрт туралы жаңа деректер жарияланды

3253
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2023/06/7e332f10-8dcb-4a85-80e6-326ba7b30ff2-960x500.jpeg?token=fcd547aac68e734eda9efe4f4e2d4eaf

Шығыс Қазақстан облысындағы қорықтағы өртті сөндіруге 100-ден астам адам қатысып жатыр. Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігі мәлімдеді, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Бүгін, 18 маусым күні сағат 14:00-де Қатонқарағай ауданы Сенное ауылынан 3 шақырым жерде, Катонқарағай ұлттық табиғи паркінің Ақсу филиалының аумағында (Усть-Язовское орман шаруашылығы, 44 орам) өрт шықты. Оқиға орнында Төтенше жағдайлар департаментінің 11 қызметкері, 99 адам мен 3 бірлік орман шаруашылығы техникасы, авиациялық орман қорғаудан 6 адам, жергілікті атқарушы органдардан 7 адам жұмыс істеуде. Кейіннен Қатонқарағай ұлттық табиғи паркінің Ақсу филиалы аумағындағы өрттің оқшауланғаны белгілі болды. Шығыс Қазақстан облысының жаңа әкімі Ермек Көшербаев бір күн бұрын өрт шыққан қорық аумағына ұшып кеткен болатын. Еске салайық, өрт Риддер қаласының аумағында орналасқан Батыс Алтай мемлекеттік табиғи қорығында басталған.
Comments