СҚО-да жантүршігерлік жол апаты болып, 5 адам қаза тапты

3895
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2023/06/ccc844a0-3376-4d73-940e-161cbf93730a.jpeg
Солтүстік Қазақстан облысында жантүршігерлік жол апаты болып, 5 адам қаза тапты, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
«16 маусымда сағат 07: 55-те СҚО Тайынша ауданы Аймақ ауылының маңындағы Көкшетау-Омбы автожолының 53 шақырымында Lexus және "ВАЗ-2104" автомашиналарының соқтығысуы болды. Алдын ала болжам бойынша, Lexus автомашинасы Көкшетау қаласынан келе жатып қарсы жол жолағына шығып кеткен»,—делінген хабарламада.
Апат салдарынан 7 адам зардап шекті: 5 адам оқиға орнында қайтыс болды, оның ішінде 2 автокөліктің жүргізушілері. Қалған зардап шеккендер медициналық көмек көрсету үшін Көкшетау қаласындағы ауруханаға жеткізілді. Жүргізушілерден медициналық куәландыру жүргізу үшін қан алынды. Жол апаты дерегі Қылмыстық кодекстің 345-бабының 4-бөлігі бойынша "Көлік құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлік құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы абайсызда екі немесе одан да көп адамның өліміне әкеп соққан іс-әрекет "бойынша соталды тергеп-тексерулердің бірыңғай тізілімінде тіркелген. Қажетті сараптамалар тағайындалды.
Comments