Қазақстанның бірінші, әлемнің жетінші ракеткасы Елена Рыбакина Майами WTA 1000 турнирінің финалында қарсыласына есе жіберді, деп хабарлайды “Адырна” тілшісі.
Қазақстандық теннисші финалда әлемнің 12-ракеткасы, чехиялық Петра Квитовамен кездескен. Қарсыластар осыған дейін екі мәрте кездесіп, бір-бірден жеңіске жеткен еді.
Бұл жолы бірінші партияда есеп 4:4 болған мезетте чехиялық теннисші брейк жасап кеткенімен, Елена сол бойда таразы басын теңестірді – 5:5. Аса тартысты өткен тай-брейкте ол бес сет-пойнтты пайдалана алмады – 6:7 (14:16). Бір сағат 6 минутқа созылған бірінші сеттің өзінде Рыбакина 10 эйс жасап үлгерді.
Екінші сетте Квитова брейкпен алға кетті – 2:0. Ақыры ол матчты тағы бір брейкпен түйіндеді – 6:2.
Осылайша, Елена Рыбакина Майами мастерс жарысының финалында жеңіліс тапты.
1 сағат 42 минутқа созылған бәсеке барысында қазақстандық теннисші 12 эйс жасап, 2 брейк-пойнттың біреуін өз есебіне жазды. Қарсыласы 5 эйс, 3 брейкпен (8 брейк-пойнт) көзге түсті.
A public discussion will be held in Almaty regarding the construction project of the nuclear power plant
It was reported that the guy, who was upset with his girlfriend, tried to jump from the big road bridge
