Бүгін ақын, журналист Жарасқан Әбдірашевтің туған күні. Ол 1948 жылы 7 наурызда Арал ауданы Аманөткел ауылында дүниеге келіп, 2001 жылы 10 ақпанда Алматы қаласында дүние салды.
Жарасқан Әбдірашев 1969 ж. ҚазМУ-дың журналистика факультетін бітіріп, 1969-94 ж. «Лениншіл жас» (қазіргі «Жас Алаш»), «Қазақ әдебиеті» газеттерінде, «Жалын» альманағында, «Жұлдыз» журналында, Қазақстан Жазушылар одағы жанындағы көркем аударма және әдеби байланыстар жөніндегі бас редакцияда қызмет атқарған, «Тамаша» ойын-сауық театрында бас редактор болған. Алғашқы жинағы - «Тұңғыш кітап» 1969 ж. жарық көрген.
Замандастарымыздың өмірінен өрнектелген «Ақ қайран» (1970), «Найзағайлы жаз» (1971), «Саяхат» (1972), ұлттық ой-сана тұрғысындағы толғамдардан тұратын «Дала сенің ұлыңмын» (1975), «Соғыстан соң туғандар» (1977,Related news
"Адырна" ұлттық порталы
мерейтой
жарасқан әбдірашев
Шығармашылық
Әдебиет
Бүгін ақын
журналист Жарасқан Әбдірашевтің туған күні