Екібастұзда жылу мен су беруде тағы мәселе туындады

4306
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2023/03/b23f680e-c0fc-45cd-9366-bf4e1b6fb412.jpeg
Екібастұз жылу электр орталығында қалаға беретін судың температурасы түсіп кетті. Бұл туралы «Екібастұзжылуэнерго» ЖШС мәлімедеді, деп хабарлайды, “Адырна” ұлттық порталы.  Мәлімет бойынша, 4 наурыз күнгі сағат 21:00-де 9,2/2.0 кг/см2 қысымы жағдайында ЖЭО-дан шығатын су температурасы 46 градусты құрады.
«Станцияда төрт қазандық: №6, 9, 14, 15 қазандықтары жұмыс істеп тұр. Алдағы тәулікте №5 және №11 қазандықтарды да іске қосу жоспарлануда. Бұл температураны 65 градустан асыруға мүмкіндік береді», - деді кәсіпорында.
Дүйсенбі күні жөндеу жұмыстары аяқталған соң №12 қазандықты да іске қосу жоспарланған. Станция қызметкерлері жөндеу жұмыстарын тәулік бойы жүргізуде. Айта кетейік, ЖЭО-дан шығатын (берілетін) желілік судың температурасы 65-70 градус болса, оңтайлы температура саналады. Еске салайық, 18 ақпан күні түнде Екібастұз ЖЭО-да су жылыту бөлігінің жылу желісін беру коллекторы зақымданды.
Comments