Хоккейден Қазақстан құрамасының кейбір ойыншылары Құрлықтық хоккей лигасындағы ең қымбат ойыншылардың тізіміне енді. Бұл туралы sport-express.ru жариялады, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.
Мәлімет бойынша, ЦСКА-да ойнайтын Даррен Диц жылына 70 миллион рубль табады. Бұл – шамамен 418 миллион теңге.
Ал Джесси Блэкер («Автомобилист») пен Никита Михайлис («Барыс») жылына 50 миллион рубль (298,62 миллион теңге) жалақы алады.
Сондай-ақ еліміздегі жоғары жалақы алатын хоккейшілер тізімі мынадай:
- Кертис Волк («Автомобилист») – 45 млн рубль (268,76 млн теңге);
- Виктор Сведберг («Авангард») – 40 млн рубль (238,90 млн теңге);
- Алексей Маклюков («Металлург») – 35 млн рубль (209,04 млн теңге);
- Роман Старченко («Спартак») – 25 млн рубль (149,31 млн теңге);
- Валерий Орехов («Адмирал») – 20 млн рубль (119,45 млн теңге).
Related news
He supported the war. The sale of tickets for the concert of the "Kamyzyaki" band in Almaty has been temporarily suspended
We need real results, high-speed Internet, and quality communication, not statistics covering the country
