Енді Ресейдің барлық мектептерінде "тәрбие тәлімгерлері" пайда болады. Олар оқушыларды ата-анасымен бірге қайта тәрбиелеп, Ресей билігінің пропагандасымен, саясатымен санасын "улаудың" жаңа әдісіне көшеді. Тәрбие жөніндегі кеңесшілер мақтатты түрде келесі оқу жылынан бастап қызметке кіріседі, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы 'ТАСС'-қа сілтеме көрсете отырып.
- Барлық Ресей мектептерінде "тәрбие жөніндегі кеңесшілер" пайда болады. Келесі оқу жылынан бастап әр аймақта мемлекеттен төленетін қосымша ақысы бар "тәрбие жөніндегі кеңесші" лауазымы енгізіледі", - деді Білім министрлігінің басшысы Сергей Кравцов. Олар балалардың "патриот" болып өсуін қадағалап, ел-жерін шексіз сүюге үйретпек. Бұл лауазымға В. Путин бастаған "арнайы операцияға" қатысушыларды да қабылдау ұсынылған.Білім министрі оқушыларды ғана емес, олардың ана-аналарын да қайта тәрбие тезіне салатынын айтты.
"Ата-аналарға еліміздің жетістіктерін баса айтып, қажет дүниелерді үйреткен дұрыс. Менің ойымша, бұл бастама ата-аналарға да қызықты болар еді", - деді министр.Оқушылар мен ата-аналар үшін "Маңызды әңгімелер" мектепте ғана айтылып қоймайды, 20 ақпаннан бастап "Бірінші арнадан" көрсетіледі. Хабарландыруға сенсек, сабақты өткізіп алған ата-аналар мен оқушылар теледидарға телміруі тиіс. Үкімет тікелей трансляция арқылы да оларды "тәрбиелемек". Осылайша олардың миына "құрт" салудың барлық жағдайы жасалған. Билік өкілдері Ресей халқының федералды спикерлерді тыңдап, үйінде "ел-жердің" маңызды мәселелері туралы сөйлесуді жалғастыра алатынын айтып отыр. Бұған қатысты Украина бұқаралық ақпарат құралдары төмендегі сарында ақпар таратты. Олар:
- Путиннің үгіт-насихатымен зомбилеу барған сайын кеңейіп, агрессивті бола түсуде. Балаларыңыздың бүлінбеген санасын барынша қорғаңыз! - деп жазып жатыр.
"Адырна" ұлттық порталы
Related news
The Prime Minister: A film will be made based on the plot of the short story “The Death of the Tazy.”
Citizens with different points of view will be given the opportunity to come to power," Tokayev distributed Mazhilis
