Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Түркия Президенті Режеп Тайып Ердоғанға көңіл айту жеделхатын жолдады, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.
Президент Түркияға жер сілкінісі салдарынан құрбан болғандарға байланысты көңіл айтып, Қазақстанның Түркияға көмек көрсетуге дайын екенін мәлімдеді.
"Түркияда болған күшті жер сілкінісі салдарына көптеген адамдардың қаза тапқаны туралы хабарды естігенімде қатты қайғырдым. Осы қиын сәтте Қазақстан халқынан және өз атымнан қаза болғандардың отбасыларына, сондай-ақ бүкіл бауырлас түрік халқына көңіл айтамын", - делінген жеделхатта.
Соңғы мәліметтер бойынша жер сілкінісінен қаза тапқандар саны 284 адамға жеткен. Ал зардап шеккендер туралы деректер әлі жаңартылуда.
Табиғи апаттан Түркияның орталық және оңтүстік-шығысындағы 10 провинциясы, соның ішінде Газиантеп, Малатия, Кахраманмараш, Адияман, Диярбакыр провинциялары ең көп зардап шеккен. Үйінді астынан адамдар шығарылуда. Ал тарихи Газиантеп бекінісі қирап қалды.
10,000 military personnel were mobilized to protect the western regions from water - Olzhas Bektenov
The construction of the National Sports University will be entrusted to a company from Switzerland for 127 billions tenge
Baimenov: Kazakhstan and Khabar public TV channels should be transformed into public television corporations
