Қазақстан Республикасының басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Парижге ат басын бұрды. Президент Франция жетекшісі Эммануэль Макронмен келіссөздер жүргізеді, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.
Bort No1 телеграм-арнасының хабарлауынша, Тоқаев пен Макрон сауда-экономикалық, инвестициялық және гуманитарлық салалардағы стратегиялық серіктестікті дамыту мүмкіндіктерін талқылайды.
Сонымен қатар, мемлекет басшысы француз іскер топтарының өкілдерімен бірқатар кездесулер өткізеді.
Бұған дейін Қасым-Жомарт Тоқаев Мәскеуде сапармен болды. Владимир Путинмен кездесудің қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасында дипломатиялық қарым-қатынастардың орнатылғанына 30 жыл толуына байланысты декларацияға қол қойылды.
Related news
He supported the war. The sale of tickets for the concert of the "Kamyzyaki" band in Almaty has been temporarily suspended
Қазақстан
Париж
Франция
#Қасым-Жомарт
сауда-экономикалық
геополитика
саяси байланыс
инвестициялық
гуманитарлық салала