Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ресми сапармен Францияға барды

2972
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2022/11/807af5d6c1604aaab8443714807e0ad5.jpeg
Қазақстан Республикасының басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Парижге ат басын бұрды. Президент  Франция жетекшісі Эммануэль Макронмен келіссөздер жүргізеді, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы. 
Bort No1 телеграм-арнасының хабарлауынша, Тоқаев пен Макрон сауда-экономикалық, инвестициялық және гуманитарлық салалардағы стратегиялық серіктестікті дамыту мүмкіндіктерін талқылайды. Сонымен қатар, мемлекет басшысы француз іскер топтарының өкілдерімен бірқатар кездесулер өткізеді.
Бұған дейін Қасым-Жомарт Тоқаев Мәскеуде сапармен болды. Владимир Путинмен кездесудің қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасында дипломатиялық қарым-қатынастардың орнатылғанына 30 жыл толуына байланысты декларацияға қол қойылды.
评论
其他材料