ҚазҰУ-дың Журналистика факультетінде шеберлік сағаттары өтті. Апталық Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті Журналистика факультетінің студенттері үшін өте әсерлі кездесулерімен есте қалды. Аталған шара «Баспагерлік-редакторлық және дизайнерлік өнер» кафедрасының ұйымдастыруымен өтті.
Елімізге белгілі баспа және журналистика салаларында өзіндік қолтаңбаларын қалдырып, әдебиетімізде ойып орын алған дара тұлғаларымыз арнайы келіп, студенттермен ой бөлісті. Жастар тарапынан қойылған сұрақтарға да жауап беріп, студенттердің баспагер-редактор болуға деген ынта-жігерін арттыра түсті. Атап айтар болсақ, келген қонақтар қатарында Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, ТМД Журналистер конфередациясы сыйлығының лауреаты, журналист-редактор – Қайнар Олжай, «Steppe and WORLD Publishing» баспасы мен «Alghayat» әдеби агенттігінің негізін қалаушы Райса Сайран, «Арыс» баспасының директоры Ғарифолла Әнес, «Ақ желкен» журналының бас редакторы Есей Жеңісұлы, «Өнер» баспасының директоры Әшірбек Көпіш, «Әдебиет» баспа үйінің және «Мерей» баспасының директоры Ғалым Қалибекұлы болса, осы дәрістерді «Қазына» қазақ тіліндегі кітап дүкендері желісінің директоры Алмас Шайкен қорытындылады. Мұндағы мақсат – болашақ журналист мамандарының, оның ішінде баспа саласының студенттері үшін кітаптың баспаға дайындалуынан бастап, оның кітап дүкендеріне таратылуына дейін ақпарат

Аталған шеберлік сағатына қатысқан студенттер "осындай игі шараны ұйымдастырып, студенттердің мамандық таңдауда қателеспегенін тағы бір мәрте дәлелдеп, жарқын болашаққа жетелеген Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Журналистика факультеті, Баспагерлік-редакторлық және дизайнерлік өнер кафедрасына" өз алғыстарын білдірді. Мұндай тағылымы мол әрі ғибрат алатын шеберлік сағаттары баспа саласының студенттеріне болашаққа бағдаршам ғана емес, сонымен қоса журналистикаға басқан алғашқы адымдар болмақ.