Қызылжарда ұйытқыған боран соғып әрі жердің беті қатып, тұрғындар әбден әбігерленді. Қазірде өңірдің күре жолын тазалауға 23 техника шықты, 19-ы тротуарлардағы қарды күреп жатыр. Үш көлік көктайғаққа қарсы ұнтақ шашуда, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.
4 қарашадан бері тоқтаусыз жауған қар соңы боранға ұласты. Көктайғақ болып, жолда оннан астам көлік апаты тіркелді.
Қазір Петропавл көшелерінде қар тазалау жұмыстары қарқынды жүргізіліп жатыр. Жауған қардың қалыңдығы, шамамен, 7 мм.
- Өкінішке қарай, қолайсыз ауа райына байланысты бір күнде қалада 14 жол-көлік оқиғасы орын алды. Құрбандар мен зардап шеккендер жоқ. Қазір ауа райы бұзылып, көше көктайғақ болып жатыр. Сондықтан қала тұрғындарынан жолда мұқият әрі абай болуды сұраймын, - деді Петропавл қаласының әкімі Руслан Янбаев.СҚО ПД мәліметтері бойынша, таңғы сағат 8-ден бастап ЖКО бойынша бес өтініш келіп түскен, жол апаты туралы хабарламалар әлі де келіп жатыр.
"Адырна" ұлттық порталы
Related news
The Presidents of Kazakhstan, Azerbaijan, and Uzbekistan signed an important agreement on “green” energy