Көлік көрсе, ішіндегі мүлкіне қол салуды әдет еткен екі алматылық ұсталды. Олардың көлік заттарын ұрлауға қалысты 20-дан астам қылмысы әшкереленді, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.
Полиция қызметкерінің хабарлауынша, 28 жастағы Г.есімді азамат пен оның құрдасы Н.есімді азамат көлік салонынан бірнеше мәрте ұрлық жасады деген күдікке ілінген.

Көлік құралдарының қарақшылары бұған дейін бірнеше рет сотталған. Қазіргі уақытта құрықталғандар жасаған қылмысын толық мойындап отыр. Олар уақытша ұстау изоляторына қамалды.- Ұрлық дерегі бойынша жергілікті тұрғын арызданды. Оның айтуынша, белгісіз біреулер Volkswagen Touareg көлігіне әйнекті сындыру арқылы кіріп, жеке мүлкін ұрлап кеткен. Жәбірленушіге келтірілген шығын 1,5 млн теңгені құрайды. Жедел-іздестіру іс-шараларының барысында біздің бөлімше қызметкерлері ұрланған заттарды сатып алушылардың және қаскөйдің ізіне түсті. Күдіктілердің ауданымызда 10, қалада 20-дан астам қылмыс жасағаны анықталды. Ұстау кезінде олардан, ұрланған қару тәркіленді, – дейді Әуезов аудандық полиция басқармасының бастығы Ұлан Әбілқайыр.
"Адырна" ұлттық порталы
Related news
"First I made it for my wife". Transcribe.kz is an application that captures the Kazakh voice into text
It was reported that the Deputy Commander-in-Chief of the National Guard was arrested while accepting a bribe
Алматы
зерттеу
тергеу
алматы полициясы
қылмыстық іс
мүлік
#ұрлық
тергеу изоляторы
қарақшылық
көлік құралдары
терезе шақты