Жыл басынан бері дүниеде не түрлі оқиғалар болып жатыр. Соның ішінде геосаяси қақтығыстардың кесірі қарапайым жұртқа көп тиюде. Ресейдегі халықтың хәлінен хабардармыз. Әрине, мұндай кезеңде олар өзгеден қолдау күтеді. Саясаттың ісі үшін қарапайым халқының кінәсі жоқ екені аян. Елімізге келіп жатқан ресейліктерге қолдан келгенше қамқорлық жасаған жөн деп білемін.
Қазақ әуелден қонақжай, өзгеге болысып тұратын, аз ғана азығын тартып емес, бөлісіп жейтін ел. Оның дәлелі жетерлік. Бір 20-ғасырдың өзінде қаншама босып келген қаншама ұлтты бауырымызға басып, өсірдік, түлеттік. Өткен ғасырдың қилы кезеңі ешкімді аямады. Қазір мемлекетімізде 100-ден астам ұлт бар. Соның бәрі тату болып, ауызбіршілігінен жаңылмай ғұмыр кешуде. Елдің амандығын, тыныштығын қадірлей білгеніміз дұрыс. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев та бұл нәрсені жиі айтып жүр. Расымен де, тұрақтылық – біздің басты байлығымыз.
Әркіммен араздасқаннан пайда таппаймыз. Ресейліктер қамқорлық жасаған жөн, бірақ
Фаузия Оразбаева, профессор