Ресей президенті Владимир Путин Украинадағы кей аумақтарды Ресейге қосу туралы мәлімдемені 30 қыркүйек күні парламент палаталарының алдында жасамақ. Бұл туралы бүгін британ барлаушылары мәлімдеді, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.
«Ведомости» газетінің дерегінше, Луганск, Донецк, Запорожье, Херсон облысының Ресей басып алған бөліктері, Қырым Федералдық округіне түбектің өзімен бірге кіргізіліп, оны «Роскосмостың» бұрынғы жетекшісі Дмитрий Рогозин басқармақ.
Бүгін аталған аймақтарда Ресейге қосылу туралы «референдум» аяқталып жатыр. Олардың ешқайсын Ресей әскері толық басып ала алмады. Соған қарамастан, Мәскеу дауыс беруге қатысқандардың саны, рекордтық деңгейге жеткенін айтып отыр.
Украина президенті Владимир Зеленский болса, референдумннан кейін Кремльмен дипломатиялық келіссөздердің мүлде тоқтайтынын ескертті.
”Адырна” ұлттық порталы
Related news
The first Inter-Parliamentary Forum of the Central Asian States is taking place in the city of Turkestan
The situation was serious. A three-year-old baby bathed in a fountain was brought to the intensive care unit