Сурет: ЖИ
Бүгін, 16 қарашада Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы Ермек Сағымбаев қызметінен кетті. Бұл туралы Ақорда жазды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.
«Мемлекет басшысының Жарлығымен Ермек Алдабергенұлы Сағымбаев Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы лауазымынан босатылды»,– делінген хабарламада.
Енді бұл қызметті Марат Ирменов атқарады. Бұған дейін ол Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары болған еді.
Марат Ғатаұллаұлы Батыс Қазақстан ауыл шаруашылығы институтын, ҰҚК институтын және Халықаралық құқық және нарық академиясын аяқтаған.
II дәрежелі "Даңқ" орденімен, мемлекеттік, ведомстволық және мерейтойлық медальдармен наградталған.
Еске салайық, 13 қарашада президент Қасым-Жомарт Тоқаев ҰҚК экс-төрағасы Ермек Сағымбаевты қабылдаған еді. Мемлекет басшысына ведомствоның жыл басынан бері атқарған қызметінің негізгі нәтижелері баяндалып, алдағы кезеңге арналған жоспары таныстырылған. Бұл кездесудің Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қызметі «Самұрық-Қазына» басқарма төрағасы Нұрлан Жақыпов пен ҚТЖ басшысы Елжас Отыншиевті ұстағаннан кейін өткені назар аудартқан.
