Фото: championat.com
Қытайдың Нинбо қаласында өткен әйелдер арасындағы WTA 500 санатындағы халықаралық турнир аяқталды. Жарыс қорытындысы бойынша Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина чемпиондық атағын қорғап, турнирдің жеңімпазы атанды, деп хабарлайды "Адырна".
Финалдық кездесуде қазақстандық теннисші канадалық Лейла Фернандеспен шеберлік байқасты. Елена қарсыласынан 1 сағат 16 минут ішінде басым түсіп, матчты 6:2, 6:2 есебімен аяқтады.
Осылайша, Рыбакина Нинбодағы турнирде қатарынан екінші жыл жеңіске жетіп, өзінің жоғары деңгейдегі ойынын тағы бір мәрте дәлелдеді.
Қазақстандық спортшы енді Жапония астанасы Токиоға жол тартады. Онда бірнеше күннен кейін WTA 500 санатындағы кезекті турнир басталады. Елена жарысқа бірінші нөмірлі теннисші ретінде қатысып, алғашқы айналымнан бастап кортқа шығады.
It was reported that the guy, who was upset with his girlfriend, tried to jump from the big road bridge
The Embassy of China in Kazakhstan celebrated the 74th anniversary of the founding of the Republic of China
