Әншіні «Манас» халықаралық әуежайында ресми тұлғалар, концерт ұйымдастырушылары және жанкүйерлері қарсы алды. Олардың қатарында Қырғызстан Президенті әкімшілігінің ақпараттық саясат қызметінің жетекшісі Дайырбек Орунбеков пен Президент Іс басқармасы басшысының бірінші орынбасары Бообек Салимжанов болды.
Шакираның концерті бүгін сағат 19:00-де Бішкектегі «Бішкек Арена» стадионында басталады. Астана уақытымен бұл – 18:00. Ұйымдастырушылардың мәліметінше, бұл әншінің Орталық Азиядағы алғашқы концерті болмақ. Бұған дейін Қырғызстан Президентінің Іс басқармасы шараға әлемнің 33 елінен көрермен келетінін хабарлаған.
Бішкекке табан тіреген әнші Instagram парақшасында «Салам, Кыргызстан!» деген жазбамен сурет жариялап, жергілікті жанкүйерлеріне сәлем жолдады.
Концерт әртістің Las Mujeres Ya No Lloran World Tour атты әлемдік турнесі аясында ұйымдастырылып отыр. Көрермендер кеш барысында Hips Don't Lie, Waka Waka, Whenever, Wherever және She Wolf секілді танымал әндерін, сондай-ақ жаңа альбомындағы туындыларын тыңдай алады.
Ірі музыкалық шараға байланысты Бішкек қаласының полициясы күшейтілген қызмет режиміне көшті.
Over the years of independence, the country's oil production has increased 3.5 times and gas production 7 times
