Ерлі-зайыптылар нәрестелерін қоқысқа тастаған. Үкім шықты

150
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/UxRj6IbaPUCwpx9uOli6GuE55bVF35cmni5frMqZ.jpg

Семейде жаңа туған қызын қоқыс контейнеріне тастап кеткен ата-аналарға сот үкімі шықты, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы КТК-ға сілтеп.

Ер адам өмір бойына бас бостандығынан айырылды, ал әйел екі жылға сотталып, рақымшылыққа ілінді.

Тергеу барысында әйелдің жүктілігін жасырып, үйінде босанғаны анықталған. Кейін ол нәрестенің өлі туғанын айтқан. Алайда тергеу мәліметтері бойынша, сәби суықтан көз жұмған. Нәрестені қоқыс контейнеріне тастаған әкесінің де оқиғаға қатысы бары белгілі болды.

Сот шешімімен ерлі-зайыпты арнайы атақтарынан айырылды. 21 жастағы әйел екі жылға бас бостандығынан айырылғанымен, рақымшылыққа ілінді.

Ал 26 жастағы ер адам Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 99-бабы 3-бөлігі бойынша кінәлі деп танылып, өмір бойына бас бостандығынан айырылды. Үкімді судья Нияз Хасенбаев шығарды.

Айта кетейік, сотталған ерлі-зайыптының екеуі де ішкі істер органдарында қызмет еткен.

Comments