Президент Каспий экологиясы саммитіне қатысу үшін Түркіменстанға барды

118
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/CpECLz80FWDtLLBRHUAgNjLkR0tkD30Z8q78275G.jpg

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 7 қазанда жұмыс сапарымен Түркіменстанға барды. Президентті әуежайдан Түркіменстан Министрлер кабинеті төрағасының орынбасары – Сыртқы істер министрі Рашид Мередов қарсы алды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

8-9 қазан күндері Қасым-Жомарт Тоқаев Түркіменстан президенті Сердар Бердімұхамедовтің шақыруымен Аваза қаласында өтетін бірқатар халықаралық іс-шараларға қатысады.

Сапар аясында мемлекет басшысы Орталық Азия мемлекеттері мен Әзербайжан басшыларының VIII Консультативтік кездесуіне, ТМД мемлекеттері басшылары кеңесінің отырысына және Каспий экология саммитіне қатысуды жоспарлап отыр.

Аталған жиындарда өңірлік ынтымақтастықты нығайту, экономикалық байланыстарды кеңейту және экологиялық қауіпсіздік мәселелері талқыланбақ.

Comments