Әскери техниканың көбеюі. Мемлекеттік күзет қызметі түсініктеме берді

101
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/doCtApOVxEnB3QTzDla0roUllnt7OJsgCIciKFcN.png

Елорда тұрғындары түнгі уақытта қала көшелерінде әскери техниканың көптеп жүргенін байқап, әлеуметтік желілерде фото және бейнематериалдар жариялаған, деп хабарлайды "Адырна".

Мемлекеттік күзет қызметінің мәліметінше, әскери техниканың қала көшелерінде көбеюі 5-6 қазанда Астанада өтетін халықаралық саяси іс-шараларға дайындыққа байланысты.

Іс-шаралар кезінде қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін арнайы мемлекеттік және құқық қорғау органдары, сондай-ақ Қазақстан Қарулы күштерінің бөлімшелері жұмылдырылады.

Осыған байланысты елорданың бірқатар көшесінде көлік қозғалысына уақытша шектеулер енгізіледі. Қалада қауіпсіздік шаралары да күшейтіледі.

Мемлекеттік күзет қызметі Астана тұрғындары мен қонақтарын енгізілетін уақытша шектеулерге түсіністікпен қарауға шақырды.

Comments