Жапонияда өтіп жатқан 2026 жылғы жазғы Азия ойындарында Қазақстан құрамасының капитаны Айбек Оралбай бокстан алтын медаль жеңіп алды, деп хабарлайды "Адырна".
90 келіден жоғары салмақта сынға түскен қазақстандық спортшы финалда Өзбекстан өкілі Жахонгир Зокировпен жұдырықтасты. Жекпе-жек қорытындысы бойынша төрешілер жеңісті бірауыздан Айбек Оралбайға берді.
Осылайша, Оралбай Қазақстан құрамасының қоржынына Азия ойындарындағы кезекті алтын жүлдені салды.
Айбек Оралбай бұған дейін де ел намысын ірі додаларда қорғап келеді. Ол 2022 жылы Азия чемпионы атанып, 2024 жылғы Париж Олимпиадасына қатысты.
Оралбайдың алтыны – Қазақстан боксшыларының биылғы Азия ойындарындағы екінші алтын медалі. Бұған дейін Төрехан Сабырхан өз салмағында чемпион атанған болатын.
