Ақтауға да жаңа әкім тағайындалды

254
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/SubBEtUYVToJGxHnHyfndmBuUVVTsJMEKrwLa3cD.jpg

Мақсат Мұқаш Ақтау қаласының әкімі болып тағайындалды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Оның кандидатурасы Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігімен келісілген. Тиісті өкімге Маңғыстау облысының әкімі Нұрдәулет Қилыбай қол қойды.

Мақсат Мұқаш Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетін «Дене шынықтыру және спорт», Қазақ гуманитарлық-заң университетін «Құқықтану», ал 2015 жылы Қазақ экономика, қаржы және халықаралық сауда университетін «Мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандықтары бойынша тәмамдаған.

Еңбек жолын 2013 жылы Жаңаөзен қаласындағы №7 орта мектепте дене шынықтыру пәнінің мұғалімі және №2 балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінде еркін күрес жаттықтырушысы ретінде бастаған.

2016–2017 жылдары Жаңаөзен қаласының Қызылсай ауылындағы №3 балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі директорының орынбасары, 2018–2019 жылдары аталған спорт мектебінің директоры болды. 2019 жылдан 2023 жылғы маусымға дейін Жаңаөзен қаласының №1 балалар мен жасөспірімдер спорт мектебін басқарды. 2021–2023 жылдары VII шақырылымдағы Жаңаөзен қалалық мәслихатының депутаты, сондай-ақ «Ақ жол» партиясының Жаңаөзен қалалық филиалының жетекшісі қызметін атқарды. 2023 жылғы маусымнан қазанға дейін Маңғыстау облысы әкімінің көмекшісі болды. 2023 жылғы 24 қазанда Маңғыстау облысының Дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы болып тағайындалды.

2025 жылғы желтоқсаннан бері Жаңаөзен қаласы әкімінің орынбасары қызметін атқарып келді.

 

Comments