Тағы да үш бала өрттен қаза тапты

394
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/BFSk8LvIFaPrTAqWCOQdCBY9AwmFev7bzO83WOUM.webp

Жетісу облысының Ескелді ауданындағы Бақтыбай ауылында өрт салдарынан үш бала қаза тапты, деп хабарлайды "Адырна".

Қайғылы оқиға 25 қыркүйек күні таңертең болған. Төрт пәтер орналасқан барак үлгісіндегі жеке үйлердің бірінен өрт шыққан.

Төтенше жағдай туралы хабарлама сағат 07:34-те түскен. Өрт пәтердің шамамен 70 шаршы метр аумағын шарпыған. Құтқарушылар қызыл жалынды сағат 08:17-де оқшаулаған.

Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, өрт кезінде үш бала қаза тапқан. Олардың біреуі бір жаста, қалған екеуі алты және сегіз жаста болған.

Оқиға орнына ТЖД-ның 16 қызметкері мен бес техника жұмылдырылды.

Қазіргі уақытта өрттің шығу себебі мен балалардың қаза болу мән-жайы анықталып жатыр.

Айта кетейік, бұған дейін Жітіқарада бес бала тұрғын үйден шыққан өрттен көз жұмған.

Comments