Дала өртін сөндіру кезінде құтқарушы қаза тапты

122
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/PAJrZPpiQgRI4yI4mHcZ9TUi04j03LndSAtPa91B.webp

Батыс Қазақстан облысының Жәнібек ауданында дала өртін сөндіру кезінде Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкері қаза тапты, деп хабарлайды "Адырна" тілшісі.

Қайғылы оқиға 3 қыркүйекте қыстақ аумағында болған. Әлеуметтік желіде тараған ақпаратқа сәйкес, өрт сөндіру жұмыстары кезінде құтқарушы арнайы көліктің астында қалған. Көлікті оның әріптесі басқарған. Алдын ала мәлімет бойынша, қою түтін салдарынан жүргізуші қызметкерді байқамай қалған.

Батыс Қазақстан облысының ТЖД қызметкердің қаза болғанын растады. Алайда ведомство оқиғаның нақты мән-жайын жарияламады.

«Өртті сөндіру кезінде қызметтік міндетін атқарып жүрген ТЖД қызметкері жарақат алды. Ол ауруханаға жеткізілгенімен, дәрігерлердің көмегіне қарамастан көз жұмды», – делінген департамент хабарламасында.

Қазір аталған дерек бойынша тексеру жүргізіліп, оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр.

Төтенше жағдайлар департаменті марқұмның отбасына қажетті көмек көрсетілгенін, оның ішінде жерлеу рәсімін ұйымдастыруға қолдау білдірілгенін хабарлады.

Comments