Ақмола облысынан 21 спортшы Жапониядағы Азия ойындарына қатысады

205
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/ERuX2cb9uoS0gJevpghwfnzqfcyJbaYRI4tkMnIE.jpg

Ақмола облысының 21 спортшысы Жапонияда өтетін XX жазғы Азия ойындарында Қазақстан намысын қорғайды. Олар бокс, триатлон, баскетбол, волейбол және садақ ату сынды спорттың тоғыз түрінен бақ сынайды. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Ардақ Төлендин мәлімдеді.

Басқарма басшысының мәліметінше, ойындар 19 қыркүйек пен 4 қазан аралығында Нагоя қаласы мен Айти префектурасында өтеді. Ақмола облысының құрамында бокстан Азия чемпионы Оразбек Асылқұлов пен Азия ойындарының екі дүркін жүлдегері Аян Бейсенбаев бар. Сондай-ақ облыстың тағы сегіз спортшысы Қазақстанның баскетболдан әйелдер құрамасына енді.

«Азия ойындарына қатысу - спортшылар мен жаттықтырушылардың үлкен еңбегінің нәтижесі. Қазір басты міндет - жинаған спорттық бабымызды сақтап, команданың жарысқа лайықты қатысуына барлық жағдайды жасау», - деді Ардақ Төлендин.

2023 жылы Ханчжоуда өткен алдыңғы Азия ойындарында Ақмола облысының атынан 15 спортшы өнер көрсетті. Сол кезде өңір қоржынына екі медаль түсті: Карина Ибрагимова бокстан күміс, ал Аян Бейсенбаев триатлоннан қола жүлде иеленді. Биыл облыс құрамындағы спортшылар саны 21-ге жетті.

«Спортшыларымыздың ойындарда республикалық және халықаралық жарыстарда көрсеткен дайындық деңгейін көрсете алғаны біз үшін маңызды. Барлық командаға лайықты өнер көрсетуді тілейміз», - деді Ардақ Төлендин.

Comments
Other materials