7,7 млн теңге. Жетісуда екі лауазымды тұлға құмар ойын үшін қызметінен кетті

117
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/sA7HhKsGF7pWl6MYu7kSyp7ponE7SXxvfO3nU57W.webp

Жетісу облысының Көксу ауданында екі мемлекеттік қызметкер құмар ойындарға қатысқаны үшін қызметінен босатылды. Бұл туралы прокуратура жүргізген талдау барысында анықталған, деп хабарлайды "Адырна".

Тексеру нәтижесінде лауазымды тұлғалардың букмекерлік кеңсенің мобильді қосымшасы арқылы жүйелі түрде бәс тіккені белгілі болды. Олар ойын шоттарын жалпы сомасы 7,7 миллион теңгеден асатын қаражатқа толықтырған.

Аталған фактілер бойынша прокуратура тарапынан ден қою актісі енгізілді. Оны қарау қорытындысы бойынша тәртіптік комиссия екі лауазымды тұлғаны қызметінен босату туралы шешім қабылдады.

Қызметінен босатылғандардың бірі – мемлекеттік қызметтегі еңбек өтілі 20 жылдан асатын аудандық бөлім басшысы.

Прокуратура өкілдерінің айтуынша, мемлекеттік қызметшілердің құмар ойындарға қатысуы қызметтік әдеп талаптарына қайшы келіп, мемлекеттік қызметтің беделіне кері әсер етеді. Мұндай әрекеттер азаматтардың мемлекеттік органдарға деген сенімін төмендетуі мүмкін.

Прокуратура мемлекеттік қызметшілердің заң талаптарын, қызметтік әдеп нормаларын және мінез-құлық стандарттарын сақтау қажеттігін еске салды.

 

Comments