Әскердегі әлімжеттік пе? Сарбаз қызметтен кейін балдақпен оралды

103
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/KwaK2ASBHtMlytQxNnHA0LDY6nkGU1G0pmS937Es.webp

Фото: Жеке мұрағаттан

Түркістан облысы Келес ауданының 19 жастағы тұрғыны Бақытжан Әмит төрт айдан астам әскери қызмет өткергеннен кейін денсаулығына байланысты үйіне қайтарылған, деп хабарлайды "Адырна" ҚазАқпаратқа сілтеп.

Қазір ол балдақпен жүріп, ота жасатуы қажет.

Сарбаз 2025 жылғы қарашада Қонаев қаласындағы №58012 әскери бөлімге жіберілген. Оның айтуынша, қызметке барғаннан кейін екі ай өткен соң аяғы ауырып, ақсай бастаған. Кейін ол Семейдегі №54770 әскери бөліміне ауыстырылып, денсаулығын тексеру үшін Астанадағы әскери госпитальға жіберілген. Онда 70 күннен астам ем қабылдаған.

Әскери-дәрігерлік комиссия оны қызметке жарамсыз деп таныған.

Қорғаныс министрлігінің мәліметінше, Бақытжан әскерге шақырылған кезде медициналық тексеруден өтіп, әскери қызметке жарамды деп танылған. Қызмет барысында денсаулығына шағымданғаннан кейін ол медициналық тексеруге жіберіліп, госпитальда қажетті ем алған.

Тексеру кезінде сарбаздан жамбас буындарының туа біткен патологиясы және несеп шығару жүйесіне қатысты қосымша аурулар анықталған.

Comments