Қарағанды облысының Теміртау қаласында бес жастағы қыз көпқабатты үйдің бесінші қабатынан құлап, көз жұмды, деп хабарлайды "Адырна" тілшісі.
Облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, бала ауыр жарақат алған. ТЖД хабарлауынша, оқиға кезінде қыз бөлмеде жалғыз болған. Анасы асүйде жүрген. Бала ауруханаға жеткізілгенімен, дәрігерлер оның өмірін сақтап қала алмады.
Құтқарушылар балаларды ашық терезесі бар бөлмеде қараусыз қалдырмауға шақырды.
Облыстық ТЖД мәліметінше, 2026 жылдың басынан бері Қарағанды облысында балалардың терезеден құлауына байланысты 30-дан астам жағдай тіркелген.
Бұған дейін, Семейде баланың терезеден құлап, көз жұмғанын хабарлағанбыз.
Related news
