Семейде бір жасар сәби көпқабатты үйдің терезесінен құлап кетті

110
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/gSHluWkkGUGC3HL0iXyVvujPvpHO669WWA1ri1yP.jpg

Семей қаласының Қарағайлы шағын ауданындағы көпқабатты тұрғын үйлердің бірінде бір жасар сәби терезеден құлап, қаза тапты, деп хабарлайды "Адырна".

Бұл – Абай облысында биыл балалардың терезеден құлауына байланысты тіркелген алғашқы қайғылы жағдай емес.

Өңірлік Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, жыл басынан бері облыста балалардың терезеден құлауына қатысты 10 оқиға тіркелген. Осыған байланысты құтқарушылар ата-аналарды қауіпсіздік шараларын қатаң сақтауға үндеді.

Мамандардың айтуынша, кішкентай балаларды ешқашан қараусыз қалдыруға болмайды. Сондай-ақ терезе маңына жиһаз қоймау және масаға қарсы торды қорғаныс құралы ретінде пайдаланбау қажет, өйткені ол баланың салмағын көтере алмайды.

«Балаларды қараусыз қалдырмаңыздар. Терезенің алдына жиһаз қоймаңыздар. Маса торына сенбеңіздер, ол қауіпсіздік құралы емес және баланың салмағына шыдамайды. Осындай қарапайым сақтық шараларын сақтау ғана орны толмас қайғылы жағдайлардың алдын алуға мүмкіндік береді», – деп ескертті Абай облысының Төтенше жағдайлар департаменті.

Пікірлер