ЮНЕСКО дерегінде қазақ тілі «қауіпсіз» санатында

462
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/fY89t1kNF565CGmognvLwQpgWQhxtmb4qOo4kNj0.jpg

5 қыркүйек Қазақстанда Қазақстан халқы тілдері күні болып ресми түрде аталады.

ЮНЕСКО «Әлемдік жойылу қаупі бар тілдер атласы» мен «Дүниежүзілік тілдер атласы» деректеріне жүгінсек, қазақ тілі «Safe» (Қауіпсіз) санатына жатады. Яғни,  тілдің ұрпақтан-ұрпаққа белсенді түрде беріліп, мемлекеттік деңгейде кеңінен қолданылун білдіреді.  

Жойылу қатарында тұрған тілдерге қарағанда қауіпсіз, болашағы мығым тіл. 

ЮНЕСКО тілдердің өміршеңдігін бағалайтын критерийлер бойынша қазақ тілінің қазіргі жағдайы мен болашақ әлеуетін сипаттасақ:

  • Тілдің ұрпақтан-ұрпаққа берілуі (Intergenerational Language Transmission).
  • Қазақстандағы демографиялық өсім мен жастар арасында қазақ  тілін  қолдану  аясының артуы сеп.
  • Тілдің сақталуы жас ұрпақтың қазақ тілін  әлеуметтік қарым-қатынас құралына айналдыруы сеп.
  • Сөйлеушілердің таралу ареалы. 

Қазақстанда қазақ тілін меңгергендер үлесі басым. 
Сонымен қатар Қытай, Өзбекстан, Ресей, Моңғолия және басқа да елдердегі қазақ диаспорасы арқылы тіл халықаралық деңгейде қолданыста.

Қолданыс салаларының кеңеюі (Institutional & Social Domains)

Мемлекеттік аппаратта, заңнамада, білім беру мен медиа саласында қазақ тілінің үлесі тұрақты түрде таруда.   Мектеп оқушыларының анағұрым басым бөлігі қазақ тілінде білім алуда. Кино, музыка, подкаст сияқты креативті индустрияда да ана тіліміз негізгі драйверге айналды.

Цифрлық өміршеңдік (Digital Vitality)

Тілдің болашағы цифрлық кеңістіктегі қолданысымен тікелей байланысты. 
Табиғи тілді өңдеу (NLP), ірі тілдік модельдер (LLM) мен жасанды интеллект жүйелеріне қазақ тілін интеграциялау белсенді жүруде. 
Онлайн-сөздіктер, фактчекинг платформалары мен цифрлық медиасауат ресурстары тілдің цифрлық экожүйеде толыққанды өмір сүруін қамтамасыз етуде.

Болашақта қазақ тілінің қолданысын одан әрі кеңейту үшін демографиялық өсіммен қатар сапалық өсімге ерекше назар аудару ұажет.  Бұл дегеніміз академиялық, ғылыми және жұмыс тілі ретіндегі рөлін арттыру.

Gulmira Sultanbay

 

Comments