Туск: Украинаның тағдыры – Батыстың да тағдыры

211
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/tKjhm5RX8S5R2Lnl1UU7RpCk645VbKstcz81jQjq.webp

Польша премьер-министрі Дональд Туск Украинадағы жағдайды айтты, деп хабарлайды “Адырна” тілшісі.

Вестерплатте өткен шарада Туск алдағы күз бен қыс Украина тәуелсіздігі мен Польшаның қауіпсіздігі үшін шешуші кезең болуы мүмкін екенін айтты.

«Бүкіл Батыстың жауапкершілігі – Украинаның тағдыры жақын болашақта біздің де тағдырымыз екенін түсіну», – деді Польша үкіметінің басшысы.

Ол өткеннің қателіктерін қайталамауға және қауіп-қатер жағдайында ымыраға бару саясатына жол бермеуге шақырды.

Туск Екінші дүниежүзілік соғыстың сабақтары Еуропа, АҚШ және НАТО арасындағы бірліктің негізіне айналуы тиіс екенін атап өтті. Оның айтуынша, бұл одақ тек қағаз жүзінде қалмауы керек.

Comments