Ozon нысандарына тағы да дрондар шабуыл жасады

143
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/XIJgTY23UOIIkcARHDzLyjqE5HIFiY7gHqCGM4zD.webp

Ресейдің Орынбор және Уфа қалаларындағы Ozon компаниясының логистикалық нысандарына дрондар шабуыл жасады, деп хабарлайды "Адырна" тілшісі DW-ға сілтеп.

Бұл туралы компания хабарлады.

Ozon мәліметінше, шабуыл кезінде барлық қызметкер қауіпсіз жерге эвакуацияланған. Алдын ала ақпарат бойынша, зардап шеккендер жоқ және өрт шықпаған. Орынбордағы нысан жұмысын қайта бастады. Ал Уфадағы логистикалық кешен аздап зақымданғандықтан, уақытша жабылды. Қазір нысан аумағын тексеру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Жеткізушілерден тауар қабылдау уақытша тоқтатылған, ал тауарлардың бір бөлігі басқа нысандарға бағытталуда. Орынбор облысының губернаторы Евгений Солнцевтің мәліметінше, өңірде әуе қауіпсіздігіне байланысты «Ковер» жоспары енгізіліп, кейін алынып тасталды. Орынбор және Орск әуежайлары штаттық режимде жұмысын жалғастырды.

Бұл Ozon нысандарына соңғы күндері жасалған бірнеше шабуылдың бірі. Бұған дейін Самара облысының Чапаевск қаласындағы, Орынбор, Адыгея, Ставрополь өлкесі мен Дағыстандағы компанияның логистикалық нысандарына дрондар шабуыл жасаған.

Comments