180-нен аса адам «Болашақ» стипендиясының иегері атанды

224
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/76AVJbnI50PnO0Jkn1AJDe7W39QcPkg6JSWRSiEx.webp

Биыл 184 қазақстандық «Болашақ» халықаралық стипендиясына ие болды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Тағы 51 ғалым шетелдегі жетекші зерттеу орталықтарында ғылыми тағылымдамадан өтеді. Бұл туралы ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек мәлімдеді.

184 стипендия иегерінің:

* 137-сі – магистратураға;
* 10-ы – докторантураға;
* 37-сі – кәсіби тағылымдамаға жіберіледі.

Стипендияларды бөлу кезінде атом өнеркәсібі, медицина, инженерия, жасанды интеллект, энергетика және биотехнология сияқты басым салаларға қажетті мамандарды даярлауға басымдық берілген.

Министрдің айтуынша, техникалық бағыттардың үлесі 2021 жылғы 44,5 пайыздан қазір 70 пайызға дейін өскен.

2026 жылдан бастап «Болашақ» бағдарламасы аясында атом саласына кадр даярлау басталады. Сонымен қатар жасанды интеллект бойынша арнайы тағылымдамалар енгізіледі.

Comments