Қазақстанда жүргізушілердің АИ-95 және АИ-98 бензинінің сапасына қатысты шағымдарынан кейін отынның сапасы тексеріліп жатыр, деп хабарлайды “Адырна” тілшісі.
Бірқатар жүргізуші желіде АИ-95 және АИ-98 бензинін құйғаннан кейін көліктерінде ақау пайда болғанын айтып, шағымданған. Осыдан кейін отын сапасына қатысты тексеру басталды.
Тексерісті сауда және интеграция министрлігіне қарасты техникалық реттеу және метрология комитетінің аумақтық департаменті жүргізуде.
Мамандар бензинді үш негізгі кезеңде зерттейді:
– Павлодар мұнай-химия зауыты;
– мұнай базалары;
– жанармай құю станциялары.
Қазірдің өзінде Алматыдағы 5, Алматы облысындағы 5, Абай облысындағы 6 және Жамбыл облысындағы 1 АЗС-дан бақылау үшін бензин үлгілері алынған. Барлығы – 17 жанармай құю станциясы.
Сонымен қатар арбитраждық сынамалар тәуелсіз зертханаға жіберілді. Sinoil, QazaqOil және Helios желілеріндегі қоспалары бар бензин де жеке зерттеледі.
Министрлікке бензин сапасына қатысты 12 азаматтың өтініші түскен. Оның 9-ы Астанадан, 1-еуі Павлодардан және 2-еуі Солтүстік Қазақстан облысынан түскені анықталды.
Егер тексеру барысында бензиннің техникалық регламент талаптарына сәйкес келмейтіні анықталса, оны сатуға тыйым салынып, сапасыз жанар-жағармай материалдары айналымнан алынуы мүмкін.
A two-hour meeting between the two countries’ leaders: What was discussed, and what was left unsaid?
