Роналду мансабын аяқтауы мүмкін екенін мәлімдеді

242
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/1H0HHDJT953FYSJkvaxOwy9ndHVA1rJgJ9X2lPhx.jpg

Португалиялық футболшы Криштиану Роналду мансабының аяқталуға жақын екенін мәлімдеді. Бұл туралы ол Vogue журналына берген сұхбатында бөлісті, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Оның айтуынша, кәсіби футболдағы 25 жыл ішінде көптеген құрбандыққа баруға тура келген. Енді ол отбасына және спорттан тыс өміріне көбірек уақыт бөлгісі келеді.

«Бұл менің футболдағы соңғы жылым болуы мүмкін және өзімнен кейін жарқын із қалдырғым келеді», – деді шабуылшы.

Сондай-ақ 2026 жылғы әлем чемпионаты португалиялық жұлдыздың мансабындағы соңғы мундиаль болғаны айтылды. Роналду турнирде бес матч өткізіп, үш гол соққан. Алайда Португалия құрамасы ширек финалға шыға алмады. Команда 1/8 финал кезеңінде Испаниядан 0:1 есебімен жеңіліп, жарысты аяқтады.

Comments