АҚШ Мемлекеттік департаменті Түркияға өз қорындағы 70 M39 ATACMS жедел-тактикалық зымыранын Украинаға беруіне рұқсат беруді жоспарлап отыр. Бұл туралы АҚШ Конгресіне ресми хабарлама жолданған, деп жазады "Адырна".
6 тамызда Congressional Record басылымында жарияланған құжатта Украинаға берілетін әскери техника мен оқ-дәрілердің тізімі көрсетілген.
Жеткізілімдер пакетіне:
- 70 M39 ATACMS зымыраны;
- 12 M270 MLRS реактивті залппен оқ ату жүйесі;
- кассеталық оқтұмсықтары бар шамамен 2,5 мың M26 зымыраны;
- 47 мың артиллериялық снаряд кіреді.
АҚШ Мемлекеттік департаментінің мәліметінше, аталған қару-жарақ Украинаға қайтарымсыз негізде беріледі.
Келісімді ұйымдастыру жұмыстарына Түркияның MKE A.S., ASFAT және ARCA Savunma компаниялары, Болгарияның VTIC International Ltd., сондай-ақ АҚШ-тың Pansophico және Patriot Defense Groupкомпаниялары қатысады.
Құжатта қару-жарақты Украинаға жеткізудің нақты мерзімі көрсетілмеген. Сондай-ақ бұл хабарлама АҚШ-тың Түркияға қаруды беруіне рұқсат беру ниетін білдіреді, яғни жеткізілімнің жүзеге асқаны туралы ақпарат емес.
The new mayor of Astana announced the deadlines for the completion of the LRT construction in the capital
